13 қыркүйек 2022 | 14:25

Министр "Хан-Шатыр" маңындағы интернет сапасы туралы сұраққа жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Цифрландыру және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Нұр-Сұлтанның сол жағалауындағы интернеттің нашарлығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Цифрландыру және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Нұр-Сұлтанның сол жағалауындағы интернеттің нашарлығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет кулуарында журналистер министрден "Хан-Шатыр" сауда ойын-сауық орталығы артындағы тұрғын үй кешендеріндегі интернет сапасы туралы сұрады.

"Нақтырақ "Жағалау" және "Манхэттен" тұрғын үй кешендері туралы айтсақ, белгілі бір проблемалар бар. Бірақ түсінерсіздер. Министр ретінде тұрғындарды үйлеріне базалық станция орнатуға мәжбүрлей алмаймын. Ондағы тұрғындардың өздері үйлеріне орнатуымызға қарсы", - деді министр.

Реклама
Реклама

Министрдің айтуынша, әрбір тұрғын үй кешенінің барлық тұрғыны келісім берген жағдайда шатырға базалық станция орнату мәселесін сол күні шешуге болады.

"Бүгін-ақ байланыс операторларына хабарласып, ауданда базалық станцияны орнатуды қамтамасыз ете аламын. Қазір әкімдікпен шешім қабылдадық, радиофобия болғандықтан, ұялы байланыс операторларына биік мұнара, базалық станциясы бар антенна-діңгек құрылысын жүргізетін белгілі бір жер учаскесі бөлінеді. Басқа амал жоқ. Жер телімдерін ресімдеу және салу кем дегенде жарты жыл бойы жүргізіледі. Бұл барлық процестерді жеделдетеді", - деді ол.

Бағдат Мусин базалық станцияның денсаулыққа зияны жоқтығын түсіндіру үшін аудан тұрғындарымен кездесуге дайын екенін мәлімдеді.

Жақында әр шатырда базалық станция болады, өйткені 5G жиі орнатуды қажет етеді, деді ол.

"Біз заңнамалық актілерге қажетті өзгерістерді ұсынамыз. Бүгінде ұялы байланыс операторларының міндеті бар, егер бір тұрғын келіспесе, базалық станцияны орната алмаймыз", - деп түйіндеді Мусин.

Министр қыркүйекте бірқатар заңнамалық актіге бастамашылық жасалып, нормаларды енгізу мәселесі шешіліп жатқанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная