16 мамыр 2023 | 14:25

Министр жаңаөзендік жұмысшылардың жағдайына қатысты пікір білдірді

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жаңаөзендік жұмысшылардың жұмыстан босатылуына қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жаңаөзендік жұмысшылардың жұмыстан босатылуына қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет кулуарында журналистер министрден бірнеше рет наразылық акциясын өткізіп, аштық жариялаған жаңаөзендіктердің мәселесі шешілді ме - деген сауал қойды.

"Арнайы мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр. "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның мемлекеттік сатып алуларына қатысты мәселе тексерілді. Еңбек қатынастарына қатысты мәселелер, қолданыстағы шарттарды орындау зерттеліп жатыр. Бұл мәселе мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бақылауында. Сонымен қатар биліктегілермен тұрақты диалог бар", - деді министр журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Реклама
Реклама

Энергетика министрінің айтуынша, жұмыссыз қалғандардың біршамасы жұмыспен қамтылған.

"Үш жылға дейінгі ұзақ мерзімді конкурстар жарияланды. Келіссөздердің қорытындысы бойынша, біз мұнай кәсіпшілігінің қызмет көрсетуші компаниясының қызметкерлері үшін еңбек жағдайларын белгілеу туралы келісімге келдік. Конкурстық рәсімдер аясында жеңімпаз атанған компаниялар қызметкерлерді жұмысқа алуға міндетті. "Өзенмұнайгазда" компаниясында да қызметкерлер бұл мәселені көтерген болатын", - деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная