Министр журналистердің ұсталуына қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Министр журналистердің ұсталуына қатысты пікір білдірді Фото: Наргиз Северная/facebook.com

Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәлі журналистердің ұсталуына қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәлі журналистердің ұсталуына қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы кулуарында БАҚ өкілдері министрден Алматыда әріптестерінің ұсталу оқиғалары жиілеп кеткеніне, атап айтқанда журналистер Владимир мен Наргиз Северныйға қатысты пікір білдіруді сұрады.

"Біз қашанда журналистердің құқығын қорғап келдік. Кейбір әріптестерге журналистік қызметіне қатысты емес айып тағылды. Барлығы тергеу аясында, ақпарат болса айтамыз, тиісті органдардан сұраймыз. Оларға журналистік қызметіне қатысты емес, айып тағылды", - деді Дархан Қыдырәлі.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, Алматыда қазақстандық журналистер Владимир мен Наргиз Северный ұсталды. Алматы сотының баспасөз қызметі Владимир Северныйдың екі айға қамауға алынғанын хабарлады. Әйелі Наргиз үйқамаққа алынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама