14 қараша 2022 13:15

Министр Каспийдегі итбалықтардың қырылуына қатысты ықтимал себепті атады

Дина Шарипханова Корреспондент

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Каспий итбалықтарының қырылуына қатысты ықтимал себепті атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Каспий итбалықтарының қырылуына қатысты ықтимал себепті атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"7 қарашада итбалықтар өлгені анықталды. Өлген итбалықтар саны 141-ге ​​жетті. Дереу шара қолданылды, барлық мемлекеттік органнан комиссия құрылды. Жасын анықтау үшін кесу жұмыстары жүргізілді, сараптама жасалды", - деді Брекешев Мәжілісте.

Оның айтуынша, нәтижесі бір айдың ішінде дайын болады.

Реклама
Реклама

"Ықтимал себептердің бірі: күкіртсутегінің бөлінуі болуы мүмкін. Итбалықтар оттегін жинап, дем алып, су астына қайта жүзу үшін жоғары қарай жүзеді. Итбалықтардың өліміне қандай да бір газ бөлінуі әсер еткен болуы мүмкін", - деді министр.

Экология министрінің айтуынша, Каспий теңізінде 300 мыңнан аса итбалық бар.

"Біз қорықты қалыптастыру, сондай-ақ Каспий теңізі және биоәртүрлілік мәселелері жөніндегі мемлекеттік институтты ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, - деді Серікқали Брекешев.

Еске салайық, 8 қарашада Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауында 100-ден аса өлі итбалық табылғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram