ПОДЕЛИТЬСЯ
22 ақпан 2023 | 10:16
Министр Қазақстан мұнайын КҚК-ға жөнелту қашан қайта басталатынын айтты
Энергетика министрі Болат Ақшолақов Каспий құбыр консорциумында (КҚК) қазақстандық мұнайды жөнелтуді тоқтату себебін түсіндіріп, жұмысты қалпына келтіру мерзімін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"КҚК-дағы жағдайға келетін болсақ, Қара теңізде дауылмен байланысты жағдайлар болып жатқанын естіген боларсыздар. Қазір ауа райына байланысты түрлі қиындықтар болып жатыр. Кешегі жүк көлігімен болған жағдайды да көрдіңіздер. Дәл осы жағдайда жөнелту мүмкін емес, бұл қауіпті. Синоптиктердің болжамы бойынша бейсенбі сағат 16:00-де ауа райы қалпына келеді, бұл танкерлерге акваторияға кіруге және жүкті тиеп бастауға мүмкіндік береді", - деді министр Үкімет отырысында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.
Министр қазіргі уақытта жөнелту тоқтағанымен, мұнай өндіру жалғасып жатқанын атап өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также