16 наурыз 2023 | 14:29

Министр Қазақстан синоптиктеріне қатысты сүйінші хабар айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:t.me/KZgovernment

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова қазақстандық синоптиктердің жалақысы көтерілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова қазақстандық синоптиктердің жалақысы көтерілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет қызметкерлері жалақысын көтеруге бөлінетін қаражатты қамтамасыз еттік! Биыл жалақы 26-дан 111 пайызға дейін көтеріледі. Бүгін Сенат Қазгидромет қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қаражат қарастыратын "Республикалық бюджетті нақтылау туралы" Заңды қабылдады. Кейінгі екі айда осы мақсаттарға компания бюджетін ұлғайту қажет екенін қорғап келеміз. Мен бәріне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын", - деп жазды министр Instagram-парақшасында.

Реклама
Реклама

Министрдің айтуынша, басқарма 2023 жылдан бастап орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын көтеру бойынша да жұмыс істеп жатыр.

"Мемлекет басшысы осы заңға қол қойғаннан кейін барлық тиісті процедуралық мәселелерді мүмкіндігінше тезірек жүзеге асыруға кірісеміз. Сондай-ақ, қызметкерлеріміздің жағдайын жақсарту бойынша жұмысты жалғастырамыз", - деп қосты Сүлейменова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная