04 тамыз 2022 | 17:19

Министр Қазақстанда көшеде түкіруге тыйым салу ұсынысын қолдады

Сұлу Бөлек Корреспондент
Сурет mysafetylabels.com сайтынан

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният көшеде түкіруге тыйым салу туралы ұсынысты қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният көшеде түкіруге тыйым салу туралы ұсынысты қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер министрден қоғамдық орындарда түкіруге заң деңгейінде тыйым салу туралы сұрады.

"Еуропада мұндай нәрсе жоқ, ал бізде барлық аялдама, қоғамдық орын түкірікке толы", - деді журналистер.

Реклама
Реклама

Денсаулық сақтау министрі заңды түрде қоғамдық орындарда түкіруге тыйым салуды қолдайтынын айтты.

"Қоғамдық орындарда түкіруге тыйым салуды толық қолдаймын. (...) Сіздің ұсынысыңызды да қолдаймын. Бірігіп депутаттарға осындай бастама туралы айтуымыз керек шығар", - деді министр.

Министр ұсыныс талқылануы керек екенін айтты.

"Білмеймін. Қандай кодекс? Кодекске енгізу керек пе? Ұсынысыңыз туралы ойланайық. Кез келген тыйымға жаза болады. Әрине, мұны қоғаммен талқылау керек", - деп түйіндеді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная