Министр Қазақстанда сыра жарнамасына неліктен рұқсат берілетінін айтты

Министр Қазақстанда сыра жарнамасына неліктен рұқсат берілетінін айтты © brookstonbeerbulletin.com

А?парат ж?не коммуникация министрі Д?урен Абаев ?аза?станда сыра жарнамасына неліктен р??сат берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Қазақстанда сыра жарнамасына неліктен рұқсат берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз сауда маркасының жарнамасын көрсетуді ұсынамыз. Бұл прайм-таймда болатын жарнама емес, шамамен кешкі 10-нан немесе 11-ден таңғы 5-ке дейін. Алкоголі аз брендтерді ғана жарнамалау ұсынылып отыр", - деді министр Мәжілістегі үкімет сағатынан кейін.

Дәурен Абаев сыра өнімдерінің жарнамасы отандық өндірушілерге жағдай жасайтынын атап өтті. "Егер отандық өнімді қолдамайтын болсақ, шетелдік алкоголі аз өнім бәрібір де болады. Біз бұл мәселеде ұтыламыз. Бұл БАҚ-тарға қосымша қаражат", - деді ол.

Реклама
Реклама

Министрдің айтуынша, жарнама түнгі уақытта көрсетілетіндіктен, балалар оны көрмейді. Еске салайық, елімізде 2004 жылдың 1 қаңтарынан бері алкоголь өнімінің жарнамасына тыйым салынған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама