ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қазан 2022 | 16:45
Министр Қазақстанда Toyota зауытын ашу мүмкіндігі туралы: Келіссөз жүріп жатыр
Қазақстандық автоөндірушілер елде Toyota корпорациясы зауытын ашу туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық автоөндірушілер елде Toyota корпорациясы зауытын ашу туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Toyota - еліміздегі ең танымал брендтердің бірі. Егер мұндай мүмкіндік болса... Біздің өндірушілер келіссөз жүргізетіні анық, бизнеспен бизнес сияқты. Бизнес-корпорация бұл мәселелерді мемлекеттік органмен талқыламайтын шығар, өйткені бұл таза техникалық мәселелер: кім қанша ақша салады, қандай құзыреттіліктер болады, сату нарығына қаншалықты дайын. Келіссөз жүріп жатыр, жұмыс істей ме, жоқ па - мен білмеймін. Бірақ Toyota ашылса, бұл еліміздің ең мықты жетістіктерінің бірі болады деп ойлаймын", - деді Өскенбаев ОКҚ баспасөз мәслихатында журналистер сұрағына жауап беріп.
Еске салайық, бұған дейін Toyota Ресейдегі зауытын жабатыны белгілі болған еді. Жергілікті БАҚ мәліметінше, мұндай шешім Ресей Федерациясында қалыптасқан жағдайға байланысты қабылданған. Санкт-Петербургтегі Toyota зауыты 2007 жылдан бері жұмыс істейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также