20 желтоқсан 2022 | 13:04

Министр Қазақстандағы электр қуатының тапшылығы туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда электр қуатының тапшылығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда электр қуатының тапшылығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан биткоин өндіруден әлемде үшінші орында тұрғанына қарамастан, елде электр энергиясы тапшы. Бұл неліктен", - деп сұрады журналист брифингте.

Ақшолақов таңғы және кешкі уақытта электр желілерінде тапшылық барын мойындады.

Реклама
Реклама

"Ұлттық желілерде жақында 16,5 гигаваттан астам қуат жүктеме болды. Генерация - 15 800. Үлкен ағындар пайда болғаны анық. Бұл ағындар әдетте Ресей мен Орталық Азия жүйесімен жабылады", - деді министр.

Оның айтуынша, жүйеде өндіріс пен тұтыну арасында айырмашылықтар болған кезде апаттық режим іске қосылып, тұтынушыларға шектеулер енеді.

Ол барлық майнинг фермалар қызметі нормативтік құжаттардың жаңа талаптарына сәйкестендіріліп, бақылауға алынғанын түсіндірді.

"Кімде-кім тіркелмеген болса ол заңды бұзған болып саналады. Біз халықты электр жарығынан ажыратпаймыз. Жарықты өшіру мәселе шешілмей бара жатқанда қолданылатын соңғы шешім. Бірінші кезекте ірі кәсіпорындар өшіріледі", - деп қосты министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная