ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қыркүйек 2023 | 12:09
Министр Қазақстандағы коронавирусқа қатысты жағдайды айтты
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімет отырысында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы елімізде коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін айтты.
"20-дан аса ел коронавирус инфекциясы өсіп келе жатқанын мәлімдеді. Біз динамика бойынша былтырғымен салыстырғанда, керісінше, 30 есеге жуық төмендегенін көріп отырмыз. Бақылауда ұстап отырмыз", - деді Ажар Ғиният.
Ол бүгінде шағымдармен келіп, стационарда ем алып жатқан науқастар бар екенін атап өтті. Бұл ретте жұқпалы ауру ауруханаларының толу көрсеткіші небәрі 2 пайыз болады.
"Ел бойынша вакциналар бар, 200 мыңнан аса доза вакцина бар, екпе алғысы келгендер вакцинацияланады. Эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғандықтан, шектеу шаралары күтілмейді", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также