15 шілде 2022 | 13:48

Министр Қазақстандағы вакцина қоры туралы сұраққа жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі вакцина қоры туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі вакцина қоры туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде елімізде барлығы 1 630 930 доза вакцина бар, оның 329 мыңы - QazVac, 1,2 миллионға жуығы - Sinopharm және 106,5 мыңы - Pfizer.

Алматы қаласына келетін болсақ, қалада 37 мың - QazVac, Sinopharm – 180 мың доза және 8600 доза Pfizer бар", - деді министр ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, ай сайын 500 000 доза QazVac вакцинасы әзірленеді. Қоймада екі миллионға жуық доза бар.

Реклама
Реклама

Министр мәліметінше, QazVac қажеттілігіне қарай өндіріледі.

"Бүгінде елімізде вакцина тапшылығы байқалмайды. Pfizer компаниясына келетін болсақ, бүгін қолда бар қалдықтарды қолданып жатырмыз, балалар мен жүкті әйелдерге күзгі кезеңге қосымша тапсырыс болады", - деп қосты Ажар Ғиният.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная