ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қаңтар 2019 | 09:23
Министр қазақстандық көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақыны неліктен ана капиталымен салыстырғанын түсіндірді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова қазақстандық көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақыны Ресейдегі ана капиталымен салыстыру себебін түсіндірді. Оның айтуынша, "Күміс алқа" мен "Алтын алқамен" марапатталған аналарға берілетін өтемақы мемлекеттің ана мен балаға көрсетіп отырған көмегінің тек бір бөлігі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова қазақстандық көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақыны Ресейдегі ана капиталымен салыстыру себебін түсіндірді. Оның айтуынша, "Күміс алқа" мен "Алтын алқамен" марапатталған аналарға берілетін өтемақы мемлекеттің ана мен балаға көрсетіп отырған көмегінің тек бір бөлігі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ана мен баланы қорғау жүйесі жайлы айтатын болсақ, бүгінде оларға көмек көрсететін жәрдемақылардың түр-түрі бар. Бұл жүйе азаматтың өміріндегі бүкіл кезеңінде қолдау көрсетуді қарастырады", - деді министр.
Айтуынша, бала дүниеге келгенде бір жолғы жәрдемақы беру қарастырылған.
"Бірінші, екінші және үшінші бала дүниеге келгенде берілетін жәрдемақының мөлшері - 95 950 теңге. Төртінші балаға - 159 075 теңге. Соңғы үш жылда жәрдемақы 38 пайызға өсті. Және де сол отбасыларды қолдау үшін 2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттен 41 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді. Былтыр осы жәрдемақыны 395 мың адам алды", - деді Әбілқасымова журналистермен кездесу барысында.
Қазақстанда бала туу мен бір жасқа дейін төленетін жәрдемақы өсті
Жәрдемақының екінші түрі - бала бір жасқа толғанға дейін берілетін әлеуметтік қолдау. Оған қаражатты мемлекеттік бюджет мен Әлеуметтік сақтандырудың Ұлттық қоры бөледі.
"Ұлттық қордан бөлінетін ақшаны жұмыс істемейтін барлық ана алады. Бірінші баладан төртінші балаға дейін берілетін жәрдемақы орташа есеппен 14,5 мың теңгеден 20,5 мың теңгеге дейін, ол ай сайын. Ал анасы ол уақытқа дейін жұмыс істеген болса, ол жәрдемақының екі түрін алып отыруға құқы бар. Біріншісі - бала қарауға, бала күтіміне берілетін жәрдемақы - соңғы екі жылдағы орташа табысының 40 пайызы. Ол орташа есеппен 2018 жылы 32 361 теңге болды. Жәрдемақының екінші түрі - жүктілік пен бала босануға берілетін жәрдемақы, оның мөлшері анасының соңғы бір жылдағы орташа табысына байланысты, - деді министр.
Әбілқасымованың айтуынша, 2018 жылы Ұлттық қордан жәрдемақының осы екі түріне 165 миллиард теңге жұмсалған. 400 мыңға жуық ата-анаға көмек көрсетілген.
"Одан бөлек көпбалалы аналарға көмек қарастырылған, яғни бес баладан көп аналарға. Олар 53 жасында зейнетке шыға алады. Бүгінде 322 мың әйел осы құқыққа ие болды. Дегенмен олар жұмысын жалғастырып жатыр. (...), - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
Елімізде көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы өсті
Показать комментарии
Читайте также