30 қазан 2024 | 11:37

Министр қазақстандық мұнайдың болжамды бағасын жариялады

Фото:depositphotos.com

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров 2030 жылға қарай Қазақстан мұнайының болжамды бағасы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров 2030 жылға қарай Қазақстан мұнайының болжамды бағасы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Мәжілісте министрлер кабинеті мен депутаттар 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер енгізуді қарастырып жатыр. Байбазаров 2030 жылға қарай мұнай өндіру 105 миллион тонна деңгейінде тұрақталатынын айтты.

"Бұл ретте орташа бағаны барреліне 75 доллар деңгейінде болады деп күтеміз. Алу көлемі де әсер етеді. Бұл көрсеткішке жету үшін 2026 жылдан бастап айыру көлемін 5 миллиард долларға дейін төмендету қажет. Бұл екі негізгі фактор нәтижеге қолжеткізуге әсер етеді", - деді министр.

Реклама
Реклама

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысына сәйкес, базалық сценарийде де мұнай бағасы барреліне 75 доллар болып белгіленген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная