05 сәуір 2023 13:27

Министр "Қазавиақұтқару" қызметкерлерінің жаппай жұмыстан шығуына қатысты жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:instagram.com/mchs.kazaviaspas

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ведомствоға қарасты "Қазавиақұтқару" АҚ ұшу құрамының жаппай жұмыстан шығуына қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ведомствоға қарасты "Қазавиақұтқару" АҚ ұшу құрамының жаппай жұмыстан шығуына қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұған дейін "Қазавиақұтқару" компаниясының қызметкерлері жұмыстан кету туралы жаппай хат жазып, бірқатар талап қойғаны туралы ақпарат тараған болатын. Бұған қандай пікір айта аласыз?" — деп сұрады журналистер министрден.

Басқарма басшысы қазір барлық түскен өтініш бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын және "тексерудің нәтижесі көп күттірмейтінін" айтты.

Реклама
Реклама

"Талаптар мен наразылық жалақыға да қатысты, бірақ ол ұшу экипаждарының барлығы жалақы алды. Барлық рейске жақсы ақша: 20 миллион теңгеден асады (жылына - еск.). Менің ойымша, мұндай жалақы бәрінде бола бермейді. ТЖМ құрылымында жұмыс істеуге келетін болсақ, әрине, ТЖМ әрдайым қолайлы жағдайда жұмыс істемейді. Біз әрқайсын (жағдайды - еск) анықтаймыз",- деп жауап берді Ильин.

Министрдің айтуынша, 23 қызметкер жұмыстан кету туралы арыз жазған.

"Біз ешкімді жұмыстан шығарған жоқпыз. Алдағы уақытта тексеру қорытындысы бойынша шешім қабылданады. Біреулері қаласа, жұмыстан босатылады. Бірақ олардың оқуына бюджет қаражаты жұмсағанын ескеруіміз керек және Еңбек ұжымы мен кәсіпорын әкімшілігі арасында жасалған келісім бойынша қызметкер оқуға жұмсалған қаражатты өтеуі тиіс", - деп қосты Юрий Ильин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360682/thumb_m/photo_123010.jpg"
    "title" => "Астананың өрт сөндірушілері оқиға орнына сусыз келгені рас па? ТЖМ пікір білдірді"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/astananyin-ort-sondrushler-okiga-ornyina-susyiz-kelgen-ras-360682/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360675/thumb_m/photo_123003.png"
    "title" => "Астана балалар ауруханасының реанимациясында аппарат өртенді"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/astana-balalar-auruhanasyinyin-reanimatsiyasyinda-apparat-360675/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360440/thumb_m/photo_122732.jpeg"
    "title" => "Тоқаев төтенше жағдайлар министріне бірқатар міндет жүктеді"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/tokaev-totenshe-jagdaylar-ministrne-brkatar-mndet-jukted-360440/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_359895/thumb_m/photo_122143.jpeg"
    "title" => "Қазақстанда ауқымды сейсмикалық жаттығулар өтеді: күні белгілі болды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstanda-aukyimdyi-seysmikalyik-jattyigular-oted-kun-359895/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_359839/thumb_m/photo_122081.jpeg"
    "title" => "Антикор ТЖМ лауазымды тұлғаларына қатысты істі сотқа берді"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/antikor-tjm-lauazyimdyi-tulgalaryina-katyistyi-st-sotka-berd-359839/amp/"
  ]
]