ПОДЕЛИТЬСЯ
27 мамыр 2021 | 20:27
Министр келесі оқу жылын дәстүрлі форматта өткізу үшін не істеу керегін айтты
Келесі оқу жылы қашықтан оқуға мүмкіндік жоқ, бұл мәлімдемені білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов республикалық педкеңесте жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Келесі оқу жылы қашықтан оқуға мүмкіндік жоқ, бұл мәлімдемені білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов республикалық педкеңесте жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аймағамбетов білім беру жүйесі қызметкерлері вакциналау мәселесінде үлгі болуы керегін айтып өтті.
"Мектептерді ашқымыз келсе, бірақ әріптестеріміздің басым бөлігі, бірінші кезекте педагогтер вакцина салдырмаса қолдан келмейді. Бұл ерікті процесс болса да, соған қарамастан, бәріңізді белсенді болуға шақырамын. Өз басым вакцина салдырдым, менімен бірге жұмыс істеп жатқан барлық әріптесім салдырып жатыр. Біз үлгі болуымыз керек. Біздің білім беру жүйеміз келесі оқу жылында қашықтан оқуға төтеп бере алмайды, оның ішінде балалар да. Өздеріңіз бәрін менен жақсы көріп отырсыздар. Сондықтан жалғыз жолы - вакциналау және барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау", - деді ол.
Министр мұның бәрі келесі оқу жылында оқушылар сабақты мектепте оқуына мүмкіндік береді деп есептейді.
"Келесі оқу жылы дәстүрлі форматта өтеді деп үміттенемін. Бәрі шаршады. Келесі оқу жылы қашықтан оқу форматында болса білім беру процесінің тиімділігі тұрғысында өте қиын екенін көріп отырмыз. Мектептеріңізде педкеңес өткізіп, бұл мәселелердің бәрін шешуді сұраймын", - деп қорытындылады ведомство басшысы.
Республикалық педкеңесте мұғалімдердің жалақысы мен еңбекақысын төлеу және оқушыларды оқуға деген ынтасын арттыру мәселелері көтерілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также