26 желтоқсан 2022 | 13:11

Министр Қуантыров жаңажылдық тілегі орындалғанын айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Гарвард университетіне түскенін, бірақ Қазақстаннан кетпегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Гарвард университетіне түскенін, бірақ Қазақстаннан кетпегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат отырысында журналистер Қуантыровтан оның отбасындағы жаңа жылдық дәстүрлер туралы сұрады. Министр отбасы мүшелерімен бірге жаңа жыл қарсаңында тілектерін қағазға түсіріп, содан кейін бір ыдысқа салатынын айтты.

"Министр болуды армандадыңыз ба", - деп сұрады журналистер.

Реклама
Реклама

"Жоқ, бірақ басқа да тілектерім орындалды. Атап айтқанда, мен Гарвардқа түсуді жоспарладым, түстім, бірақ биыл кетпедім", - деп бөлісті министр.

Гарвард университеті - әлемдегі ең танымал, көне университеттердің бірі. Ол Кембридж қаласында, Массачусетс штатында орналасқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная