ПОДЕЛИТЬСЯ
20 сәуір 2023 | 12:26
Министр Қытаймен шекарадағы сыбайлас жемқорлық туралы айтты
Мәжіліс кулуарында журналистер премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтан Қытаймен шекарадағы сыбайлас жемқорлық деректері мен олардың Тұңғыш Президенттің отбасымен ықтимал байланысы туралы сұрақты қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәжіліс кулуарында журналистер премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтан Қытаймен шекарадағы сыбайлас жемқорлық деректері мен олардың Тұңғыш Президенттің отбасымен ықтимал байланысы туралы сұрақты қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ел арасында "Кеденді Тұңғыш Президенттің отбасы мен жақындары бақылайды" деген қауесет тарады, сіздің тарапыңыздан қандай да бір тексеру бар ма, осы жағдайға қатысты пікір бере аласыз ба?" – деп министрге сұрақ қойылды.
"Негізі, былтыр еліміздің Президенті кеден саласындағы тәртіпті қалпына келтіру туралы тапсырма бергенін білесіздер. Осыған байланысты көптеген заңбұзушылықты анықтадық. Бас прокуратура және басқа да органдармен бірлесіп жұмыс тобы құрылды, жұмыс істеді, барлық анықталған дерек құқық қорғау органдарына берілді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әрине, соның ішінде, бюджетті заңбұзушылар тарапынан уақтылы төленбеген сомалармен толықтыру. Былтыр олардан шамамен 50 миллиард теңге өндірілді. Бірнеше экономикалық оператор заң бұзған. Соңғы бенефициарларды өзіңіз атадыңыз", - деп жауап берді Жамаубаев.
Журналистер шенеунікке тағы да сұрақ қойды: соңғы бенефициар кім болды?
"Шын мәнінде, олар өте көп. 15-тен аса экономикалық оператор болды. Бірақ қандай қылмыстық істер жүргізілді және нақты қандай сома – құқық қорғау органдары жауап бере алады. Мен бюджетке қанша түскеніне ғана жауап бере аламын: бұл шамамен 50 миллиард теңге", - деді министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также