ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 05 қазан 2016 12:29
Министр мемлекеттік қызметкерлерді балаларына бару үшін жұмыстан ертерек жіберуді ұсынды
БҒМ басшысы мемлекеттік қызметкерлерді балаларына бару үшін жұмыстан ерте босатуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ерлан Сағадиев үкімет отырысы кезінде ата-аналардың балалары үшін жауапкершілігі төмендегенін айтты.
"Ата-аналар үнемі жұмыста болатындықтан олардың балаларын тәрбиелеуге уақыты қалмайды. Олардың ішінде мемлекеттік қызметкерлер де көп. Қазіргі кезде ата-аналар жиналысына келетіндер саны 10-15 пайызды ғана құрайды. Біздің есебіміз бойынша, 11 жылда ата-аналардың 50 пайызы мектепке келмеген", - деді білім және ғылым министрі мәліметтер келтіре отырып.
"Бала тәрбиесіндегі және біздің ең салмақты әрі нәтижелі ресурсымыздың мәселелерін шешуде ата-аналардың қатысуы бүгінде өте сирек. Мен Еңбек кодексін қаттырақ ұстану керек деп ойлаймын, ата-аналар үйіне ертерек барып, олардың тәрбиесімен айналысып, бақылап жүре алуы үшін. Мұны мемлекеттік органдардан бастағанымыз абзал болады", - деп айта кетті министр.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу