Министр Мұхамедиұлы: Жаманқұловты босатуға қолғабыс етуге дайынмын

Министр Мұхамедиұлы: Жаманқұловты босатуға қолғабыс етуге дайынмын Тұңғышбай Жаманқұлов пен Арыстанбек Мұхамедиұлы

М?дениет ж?не спорт министрі Арыстанбек М?хамеди?лы Т???ышбай Жаман??ловты? ?сталуына ?атысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Тұңғышбай Жаманқұловтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, Тұңғышбай Жаманқұлов кешірім сұрау үшін арнайы Астанаға келген.

"Бір апта бұрын ол арнайы келіп, кешірім сұрады. Ісіне өкінетінін айтты. Әрине, бұл мәселе оңай емес. Ұзақ ойландым. Мен оған көмек көрсетуге дайынмын (...). Кепіл беруге де дайынмын", - деді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Реклама
Реклама

"Соттың ісіне араласуға ешкімнің құқы жоқ, оның кінәсі бар ма, жоқ па - сот анықтайды. Қазіргі уақытта барлық заң нормалары бар, кепілақымен босатады, айыппұл деген бар, осыны да ескереді. Осыған байланысты қолғабыс етуге дайынмын", - деді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске салайық, осыған дейін қазақстандық актердің ұсталғаны хабарланған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Феникс" көркемфильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражаттың жымқырылғанын анықтаған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама