ПОДЕЛИТЬСЯ
31 наурыз 2022 | 13:42
Министр Мусин Astana Hub-та анықталған майнерлер туралы пікір білдірді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Astana Hub-та стартап атын жамылған майнерлерді сотқа беру өте қиын болатынын айтты. Ол мұның орнына заңнаманы өзгертуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Astana Hub-та стартап атын жамылған майнерлерді сотқа беру өте қиын болатынын айтты. Ол мұның орнына заңнаманы өзгертуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетіндегі сұрақтарға жауап берген Мусин майнинг фермалары мемлекеттік салықтық преференция алғанын мойындады.
"Astana Hub-та 574 қатысушы тіркелген. Оның ішінде бесеуі, түсінгеніміз бойынша, майнингпен айналысады. Соның ішінде тек бір компания майнингпен айналысатынын мойындады. Төртеуі ақпарат массивін өңдеу бойынша деректерді өңдеу орталығы (ДӨО) қызметтерін ұсынатынын айтады. Шындығында, егер олармен соттасса, жеңіледі, өйткені олар шынымен ақпаратты өңдеумен айналысқан", - деді Мусин.
Министр бұл мәселе бойынша Есеп комитетінің барлық ескертуі ескерілетінін мәлімдеді.
"Бүгін Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева цифрлық активтерге қатысты заң жобасына бастамашы болды. Біз онымен жұмыс істеп жатырмыз. Қазір оны Президент Әкімшілігінің мақұлдауына жібердік. Оның үстіне, Мемлекет басшысы салық төлейтін майнингке тиіспеуді айтқан болатын", - деді Мусин.
Бұған дейін Astana Hub халықаралық IT-технопаркінде криптовалюталарды өндірумен айналысатын жобалар тіркелгені анықталған болатын. Олар стартап жасаушылар атын жамылып, 8,5 миллиард теңгеге мемлекеттік преференция алған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также