Министр оқ-дәрілерді сақтайтын екі база құрылысын жеделдетуді тапсырды

Камила Долаева Журналист
Министр оқ-дәрілерді сақтайтын екі база құрылысын жеделдетуді тапсырды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев лауазымды тұлғаларға оқ-дәрілерді сақтайтын екі базаның құрылысын ұйымдастыру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев лауазымды тұлғаларға оқ-дәрілерді сақтайтын екі базаның құрылысын ұйымдастыру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аталмыш нысандардың құрылысы 2019 жылғы ҚР Қарулы Күштердегі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін жетілдірудің кешенді жоспарында қарастырылған.

"Нысандардың құрылысы оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтаудың барлық жолын ескере отырып ұйымдастырылған. Сондай-ақ, күзеттің техникалық құралдары, бейнебақылау және автоматты өрт сөндіру жүйелері көзделген. Онда Қорғаныс министрлігінің бастамасымен 2020 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес қоймаларды елді мекендерден алшақтату, сондай-ақ арсеналдар мен базалар жанындағы тыйым салынған аймақтар мен аудандардың шекараларын сақтау да ескерілген", - делінген Қорғаныс министрлігі хабарламасында.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама