16 қыркүйек 2022 | 10:49

Министр президент мандатын неге 7 жылға ұзарту ұсынылғанын түсіндірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин Президентті жеті жылға сайлау туралы өзгеріс не үшін енгізілгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин Президентті жеті жылға сайлау туралы өзгеріс не үшін енгізілгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Қанат Мусин Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты.  

"Мемлекет басшысы саяси басымдықты болдырмау жөнінде саясат жүргізіп жатыр. Бұл саяси бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді. Президент өкілеттігінің жеті жылдық мерзімі бұл президенттің бағдарламасын іске асыру және жалпыұлттық дамудың стратегиялық міндеттерін шешуді қамтамасыз ету үшін жеткілікті мерзім деп санаймыз. Сондықтан осы норма заң жобасына енгізілген", - деп түсіндірді Қанат Мусин. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында биылғы күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынған болатын. Сонымен қатар, президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынды. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная