Министр Қасымовқа полицейлерді әшкерелейтін материалдар көрсетілді

Ішкі істер министрі ?алм?ханбет ?асымов?а ???ы? ?ор?ау органдарыны? ?ызметкерлерін ?шкерелейтін д?лелдер к?рсетілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа құқық қорғау органдарының қызметкерлерін әшкерелейтін дәлелдер көрсетілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Ведомство басшысының жеке блогында қоғам белсендісі Антон Волков полицейлердің үстінен арыз түсірген.

Антон Волковтың айтуынша, мемлекеттік қызметкерлер еш ұялмастан ішімдіктермен кафелерде және мейрамханада, қымбат көліктерімен демалыс орындарында түсірілген суреттерін әлеуметтік желілерде жариялап жатады.

Реклама
Реклама

"Мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексті қаншалықты сақтайтынын анықтау үшін "Вконтакте" әлеуметтік желісі сарапқа алынды. Осыған дейін жергілікті шенеуніктерге үйлену тойларында бөтен адамдармен суретке түспеуге кеңес берілген болатын. Павлодар облысының этика жөніндегі уәкілетті өкілі Юрий Фельдманның айтуынша, сондай іс-шаралардағы бөтен адам ұйымдасқан қылмыстық топтың немесе радикалды топтың мүшесі болуы мүмкін. Салдарынан ол мемлекеттік қызметкердің басына проблема тауып беруі мүмкін", - деп жазған Антон Волков.

Сондай-ақ, қоғам белсендісі "Вконтакте" әлеуметтік желісіндегі "Служители Закона в Казахстане" альбомына сілтеме жасайды. Ол парақшада қолданушылар этикалық кодекстің нормаларын сақтамаған полицейлердің суреттерін жариялайды.

Қасымов бұл мәлімдемеге жауап ретінде қазіргі уақытта Павлодар облыстық ІІД өкілдерінің қызметтік тергеу жүргізіп жатқанын айтты. Тексерістің нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама