Министр салық реформасының арқасында бюджетке қанша ақша түскенін айтты

Министр салық реформасының арқасында бюджетке қанша ақша түскенін айтты Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда салық түсімдерінің өсімі былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 20 пайыз немесе 1 триллион теңге болды. Бұл туралы үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда салық түсімдерінің өсімі былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 20 пайыз немесе 1 триллион теңге болды. Бұл туралы үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы министрінің сөзінше, шикізат пен валюта нарықтарындағы сыртқы құбылмалылыққа қарамастан, бюджеттің негізгі параметрлері жалпы алғанда орындалған.

"Мемлекеттік бюджеттің трансферттерді есепке алмағандағы кірісі 6,4 триллион теңге немесе жоспардың 104,3 пайызы болды. Былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда түсім 931 миллиард теңгеге немесе шамамен 17 пайыз өсті", - деді министр.

Реклама
Реклама

Қаржы министрлігі басшысының айтуынша, республикалық бюджет 102 пайыз орындалды - кіріс 4,2 триллион теңге болды. Жергілікті бюджеттер жоспарды 193 миллиард теңгеге артығымен орындап, 2,3 триллион теңге көлемінде түсімді қамтамасыз етті.

Ол салық түсімдерінің өсіміне жеке тоқталды.

"Салық түсімдерінің өсімі 2025 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 20 пайыз немесе 1 триллион теңгеден астам сома болды", - деді министр.

Сондай-ақ Тәкиевтің сөзінше, импортталатын тауарларға салынатын ҚҚС бойынша түсімдер 165 миллиард теңгеге артқан. Оның ішінде, алдын ала мәліметтер бойынша, шамамен 80 миллиард теңге ҚҚС мөлшерлемесінің көтерілуі есебінен қамтамасыз етілген.

Мән-жайы

Бұған дейін Қаржы министрлігі салық реформасының арқасында Қазақстан бюджеті толыға түскенін хабарлаған болатын. Наурызда қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ұкімет кулуарында жыл басынан бері республикалық бюджетке 3,6 триллион теңге салық түскенін, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 900 миллиард теңгеге артық екенін айтқан еді. Оның сөзінше, өсім қарқыны 133 пайыз болды.

Сол кезде ведомство ҚҚС бойынша түсімдер құрылымын нақтылаған еді. 1,8 триллион теңгенің шамамен 1 триллионы ішкі ҚҚС-қа, тағы 800 миллиард теңгеге жуығы импортқа салынатын ҚҚС-қа тиесілі болды.

Сондай-ақ Қаржы министрлігі салық жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады. Ведомство өкілдері апелляциялық комиссияда салық төлеушілердің шағымдарын қарап жатқанын, дауларды сотқа дейінгі реттеуді күшейтіп, түзетулер пакетін, соның ішінде салықтық шегерімдер, жеңілдіктер мен резидент еместерге салық салу мәселелерін талқылап жатқанын айтты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама