ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қаңтар 2022 | 13:02
Министр салық тексерістерін шегеру және кәдеге жарату төлемін қайта қарау туралы мәлімдеді
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуандықов салық тексерістерін шегеру және кәдеге жарату төлемінің мөлшерлемесі мен тәсілдерін қайта қарау туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуандықов салық тексерістерін шегеру және кәдеге жарату төлемінің мөлшерлемесі мен тәсілдерін қайта қарау туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Халықты және кәсіпкерлікті қолдау бағытында жеті іс-шара жүзеге асырылады. Басталған салық пен кеден тексерістерін 1 ақпанға дейін тоқтата тұру және шегеру, кәдеге жарату алымының мөлшерлемелері мен тәсілдерін қайта қарау, 20 сәуірге дейін құрылысты көшіруге, орналастыруға, бұзуға байланысты әрекеттерді жүргізуге уақытша тыйым салу жоспарланып отыр", - деді министр үкімет отырысында.
Министр бұл жоспар қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қалпына келтіру, әлеуметтік және басқа да инфрақұрылым мәселелеріне бағытталғанын, сонымен қатар, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, халық пен кәсіпкерлікті қолдау, қаржы саласы бойынша 51 іс-шарадан тұратынын айтты. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, әлеуметтік және басқа да инфрақұрылымды қалпына келтіру бағыты бойынша 11 іс-шара жоспарланғаны белгілі болды.
Қазақстанда инфляцияны қалай тоқтату жоспарланып отыр? Министр жауап берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также