03 қыркүйек 2022 | 12:30

Министр себепсіз жанжалдасқан отбасылар көше тазалап, жол салатынын айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жанжалдасқан отбасылар көше тазалап, жол салатынын, ал тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі зардап шеккендердің арызынсыз да тіркелетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жанжалдасқан отбасылар көше тазалап, жол салатынын, ал тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі зардап шеккендердің арызынсыз да тіркелетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әкімшілік жаза мен ескертуді қоғамдық жұмыстармен ауыстыру мәселесі пысықталып жатыр. Бұл көшелерді, қоғамдық аумақтарды тазарту, жол салу және жөндеу, қала аумақтарын абаттандыру, сондай-ақ басқа да қоғамдық пайдалы жұмыстар", - деді министр. 

Министірдің айтуынша, жазаның бұл түрі мінез-құлықты бақылауға әсерін тидіреді.

Реклама
Реклама

"Заңсыз әрекетті қайталап жасаған жағдайда тараптардың татуласу рәсіміне қойылатын талаптарды қатайту жоспарланып отыр. Бұл жанжалдасқандар мен басқа да тұлғаларға психологиялық қысым көрсету тәжірибесін тоқтатуға мүмкіндік береді", - деді министр.

Министр тұрмыстық зорлық-зомбылықты жәбірленушілердің арызынсыз тіркеуді ұсынды.

"Тұрмыстық құқықбұзушылықтарды тіркеуді анықтау сипатына көшу ұсынылды. Бұл полицияға жәбірленушілердің шағымынсыз - тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, түпкілікті құқықтық бағаны сот береді, бұл шара жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз етеді", - деп атап өтті Ахметжанов.

Ол жанжалға қатысушыларды қамауға алуға 5 тәулік, қайталанатын қылмыстар үшін қамауға алу мерзімін 25 тәулікке дейін ұлғайту жоспарлары туралы айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная