ПОДЕЛИТЬСЯ
11 ақпан 2019 | 16:41
Министр Смайылов Назарбаевтың шенеуніктерді неге қайта отырғызғанын түсіндірді
Қаржы министрі Әлихан Смайылов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңейтілген үкімет отырысында неліктен шенеуніктерді қайта отырғызғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қаржы министрі Әлихан Смайылов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңейтілген үкімет отырысында неліктен шенеуніктерді қайта отырғызғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бұл менің жақын отыруым үшін емес. Бұл Қаржы министрлігінің мәртебесін көтеруі үшін арнайы жасалды", - деді Смайылов үкімет ғимаратында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Смайыловтың айтуынша, Президент қаржыландыру мәселесіне жеткілікті назар аударылуы керектігін атап өтті. "Сол себепті Мемлекет басшысы хаттаманы өзгертті. Министрліктің мәртебесін көтеру үшін вице-премьерлерге жақын қаржы министрлігін отырғызу туралы шешім қабылдады", - деді ол.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Мемлекет басшысы қазақстандық деректердің Қытайдың кедендік статистикасымен сәйкес келмеуіне қатысты сын айтқан.
"Қытаймен сыртқы сауданың өзара статистикасындағы айырмашылықты қысқарту бойынша Жол картасы әзірленді. Үкіметтің мақұлдауына шығарылды. Оны жүзеге асыру арқылы 200 миллиард теңгеге дейін қосымша салық түсімдерін алуға мүмкіндік береді. Егер біз тапсырманы орындасақ, менің ойымша, барлығы да бақытты болады", - деп толықтырды министр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Вчера в ходе расширенного заседания правительства Нурсултан Назарбаев указал место министра финансов Алихана Смаилова. ⠀ «Министр финансов (указывая на Алихана Смаилова. — Прим.). Министр финансов не должен в конце стола сидеть. После вице-премьера его место. Министр финансов обычно заместитель премьер-министра. Смотри (обратился к премьер-министру Бакытжану Сагинтаеву. — Прим.), куда ты его посадил? Кто протокол делает? Встань, иди сюда. Сдвиньтесь, начиная от Кожамжарова (генеральный прокурор) все на одно место. Вот его место. Поэтому у нас финансы хромают, оттого что мы так относимся», — обратился к собравшимся Президент.
Публикация от TengriNews (@tengrinewskz) 30 Янв 2019 в 10:24 PST
Показать комментарии
Читайте также