07 ақпан 2019 | 13:27

Министр Сүлейменов ипотеканы 10 жыл бойы қалай төлегенін айтты

© Тұрар Қазанғапов

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 10 жылға алған ипотекасын былтыр төлеп болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 10 жылға алған ипотекасын былтыр төлеп болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлі жаспын. 10 жылға алған ипотекалық несиемді былтыр төлеп болдым. 2008 жылы алған болатынмын, қиын болды. Сондықтан жастарға айтарым: әрқашан өз мүмкіндіктеріңді шамалаңдар", - деді министр Сенатта өткен дөңгелек үстел барысында.

Реклама
Реклама

Cүлейменовтің айтуынша, баспаналы болу әр қазақстандықтың менталитетінде бар. 

"Несиені төлеудің ортасына келгенде психологиялық тұрғыдан шаршап қаласың, табыстың біраз бөлігін ипотекаға төлеу керексің. Еңбек мобильділігін ескерсек, бүгін сен Атыраудасың, ертең Павлодарда, сосын Алматыда боласың", - дейді ұлттық экономика министрі.

Оның айтуынша, мұндағы мәселе сапалы тұрғын үйді таңдау керек. "Үйдің сапалы салынғанына қарау керек, дыбыс өткізбейтін болуы тиіс. Сол себепті баспана алғанда тек ипотека бағасына қарамау керек", - деп кеңес берді Сүлейменов.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная