Министр Ұлттық қор кірісінің бір бөлігі балаларға қалай аударылатынын түсіндірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ұлттық қор кірісінің бір бөлігі балалардың есепшотына жылына бір рет түсетінін және олар доллармен сақталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ұлттық қор кірісінің бір бөлігі балалардың есепшотына жылына бір рет түсетінін және олар доллармен сақталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жыл сайын есептеу жүргізіледі. Өткен жылдың инвестициялық кірісі алынып, шоттар арасында бөлінеді. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап балаларға 2023 жылдың табысынан қаражат есептелетіні белгілі болды" - деді Қуантыров.

Министрдің айтуынша, инфляциядан қорғану үшін қаражат доллармен есептеледі.

Реклама
Реклама

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың сөзіне түсініктеме берген министр әр балаға берілетін соманы да нақтылады.

"Үш мың доллар - бұл шамамен алынған сома. Менің түсінуімше, сіз Президенттің баспасөз хатшысы жариялаған сандарды айтып отырсыз. Бұл әлі де қосымша есептеледі, бірақ бұл балаларға арналған екенін есте ұстаған жөн", - деп түсіндірді Қуантиров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама