ПОДЕЛИТЬСЯ
05 сәуір 2022 | 11:13
Министр Ұлттық қордан түсетін трансферт неге ұлғайғанын түсіндірді
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкіметтің Ұлттық қордан аударылатын трансфертті неліктен бірден 1,6 триллион теңгеге арттыруды жоспарлап отырғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз Мемлекет басшысының қаңтар айының басында берген тапсырмаларын іске асыруға, сондай-ақ түрлі бағдарламалық құжаттарға ақша аламыз. Ұлттық қор басқалармен қатар контрциклдік бюджетті жүргізудің құралы.
Ұлттық қордың бірнеше функциялары бар: жинақ, тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы. Бұл процесс қалыпты. Бұл контрциклді бюджет саясатының бір бөлігі", - деді Қуантыров.
Оның айтуынша, мұнай бағасының қымбаттауы мен доллар бағамының жоғары болуына байланысты Ұлттық қорға қосымша кіріс түседі деп күтіліп отыр.
"Қазір Ұлттық қорда 55-56 миллиард доллар бар", - деді министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также