Министр "жасыл экономика" тұжырымдамасының басты идеясын атады

Нұрлан Қаппаров - бағдарлама қонағы

Қазақстанның "жасыл экономикаға" көшуінің шешуші мәселелері Жаннат Ертілесованың "Профессиональный разговор" бағдарламасының эфирінде ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровпен бірге талқыланды.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның "жасыл экономикаға" көшуінің тұжырымдамасы көп мүддемен қиылысатындықтан қолданыстағы өзге бағдарламалардан тәуелсіз бола алмайды. "Біз тұрақты даму тұрғысынан барлық салаға ортақ бір үлкен картина жасадық", - дейді бағдарлама қонағы.

Тұжырымдаманы талқылау барысында бағдарлама жүргізушісі экономикалық дамудың қазіргі бағытын айтарлықтай өзгерту қажеттілігі туралы сұрады. "Бізге ішкі жалпы өнімнің өскені, сонымен бірге, экожүйеге, экологияға ешқандай артық жүктің түспеуі маңызды. Мұны "жасыл экономика" қағидалары арқылы жасауға болады", - деді Қаппаров.

Реклама
Реклама

"Жасыл экономиканың" басты идеясы - ресурстардың тиімділігі, өнім өндіру кезінде аз тұтынып, көп өндіру", - дейді министр.

Тұжырымдаманың негізгі қағидалары мен тәсілдері жайлы толығырақ бағдарламаның өзінен тыңдай аласыздар, хабардың "СТВ" телеарнасы эфиріне шығатын уақыты - 20.30.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама