10 наурыз 2020 | 09:47

Министр зейнетақы мен жәрдемақыны индекстеуге уәде берді

© Тұрар Қазанғапов

Премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов теңгенің жаңа бағамы мен инфляцияға байланысты зейнетақы мен жәрдемақыны индекстеуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов теңгенің жаңа бағамы мен инфляцияға байланысты зейнетақы мен жәрдемақыны индекстеуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Инфляцияға байланысты зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек индекстеледі. Сондай-ақ, теңге бағамының өзгеруіне байланысты дәрі-дәрмек бағасы, азаматтардың шетелде ем алу бойынша шығындары да индекстелуі қажет болады", - деді Смайылов үкімет отырысы барысында.

Реклама
Реклама

Қаржы министрінің айтуынша, үкімет республикалық бюджеттің шығындарын оңтайландырады.

"Қай бағытта оңтайландыратынымыз белгілі. Біріншіден, қымбат көліктер мен жиһаздар, форумдар, семинарлар және басқа да іс-шаралар өткізу мәселесі. Бұл іс шараларға қанша қаражат жұмсалатыны есептелді. Екіншіден бюджеттен қаражат бөлінуі қажет жобаларды кейінгі қалдыра тұруға болады", - деді Смайылов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная