ПОДЕЛИТЬСЯ
12 маусым 2023 | 09:18
Министр Зүлфия Сүлейменова орманшылардың рациямен айтқан соңғы сөзін айтты
Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Абай облысындағы орман шаруашылығы қызметкерлерінің рациямен айтылған соңғы сөздері қандай болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сүлейменова қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Оның сөзінше, орман шаруашылығындағылардың 8 маусымда байланысқа шығуы тоқтаған.
"Кеше 14 адам өлі табылды. Біз 8 маусымда сағат 21.00-де олармен байланыссыз қалдық. Рация арқылы соңғы естігеніміз - жел бағыты бірден өзгеріп, қалың түтін басып жатқаны айтылды. Бәрі шешіліп кетер деп үміттендік. Қалың түтін салдарынан оларды табу мүмкін болмады. Кеше олар өлі табылды. Қаза тапқандардың жақындарына қайғыра көңіл айтамын", - дейді министр Зүлфия Сүлейменова.
Министрдің сөзінше, жағдай қиын. Жел күшейіп кеткен. Одан бөлек, болжам бойынша, алдағы бірнеше күнде жел қатты болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также