Министрден мемлекеттік инспекция комитеті басшысына қатысты тергеу туралы сұралды

Министрден мемлекеттік инспекция комитеті басшысына қатысты тергеу туралы сұралды Дархан Абдикаримов. Фото:gov.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтан Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті басшысы Дархан Әбдікәрімовке қатысты Антикордың тергеуі туралы ақпаратқа пікір беру сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтан Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті басшысы Дархан Әбдікәрімовке қатысты Антикордың тергеуі туралы ақпаратқа пікір беру сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтегі брифингте журналистер министрден бұрын БАҚ-та жарияланған ақпаратты растауды немесе жоққа шығаруды сұрады.

"Қазіргі уақытта анықтау жүргізіліп жатыр. Нәтижелер белгілі болғаннан кейін хабарлаймыз деп ойлаймын. (...) Біздің өзімізде ақпар болмағанда, бірдеңе айту..." - деді Айдарбек Сапаров.

Реклама
Реклама

Осыдан кейін ол Дархан Әбдікәрімовтің жұмыстан "уақытша шеттетілгенін" мәлімдеді. Министр мұндай шешімнің себебін айтқан жоқ.

"Тергеу жүріп жатыр, бүгін ештеңеге пікір білдіре алмаймын, құзыретті емеспін", - деп қосты Сапаров.

Сондай-ақ, министрден қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын ба деген сұрақ қойылды.

"Бәрі сот шешімінен кейін, заң аясында шешіледі", - деп қысқаша жауап берді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама