ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қаңтар 2020 | 13:15
Министрлер мен әкімдер істі нәтижелі аяқтай алмады - Тоқаев азық-түліктің қымбаттауы туралы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы қымбаттауына қатысты министрлер мен әкімдердің жұмыстарын сәтсіз деп бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы қымбаттауына қатысты министрлер мен әкімдердің жұмыстарын сәтсіз деп бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі.
Мемлекет басшысы инфляцияның көтерілуін, оның ішінде шығыны көп тұтыну тауарлары туралы айтты. Бұл топтағы тауарлар инфляцияның 10 пайызы болған.
"Мен бағаны реттеуге тапсырма бердім. Өкінішке қарай, министрлер мен әкімдер бұл істі нәтижелі аяқтай алмады. Ел экономикасына қатысты белгілі бір қиындықтар бар екенін түсінемін, бірақ жұмысты сапалы істеу керек, бастысы - менің тапсырмамды орындау қажет. Орта есеппен азық-түлік құны 10 пайызға өскен", - деді Тоқаев.
Президент үкімет пен әкімдіктер қазақстандықтардың орташа табысының өсуінде бәсекелестік орната алмағанын атады.
"Сондықтан өңірлік тұрақтандыру қорларында әлеуметтік маңызы бар өнімдердің табиғи резервтерін құрудың тиімділігі аз практикадан балама жолдарға көшуді қамтамасыз етуі керек. Азаматтардың нақты кірістерін, оның ішінде ең төменгі жалақыны ұлғайтуға бағытталған шаралар пакетін әзірлеу басты талап, себебі бұл мәселе бойынша Қазақстан негізгі серіктестерінен айтарлықтай артта қалды", - деп мәлімдеді Президент.
Показать комментарии
Читайте также