Министрлік ағылшын тілін білетін мұғалімдердің жалақысын 200 пайызға өсіру туралы мәселеге қатысты пікір білдірді

© shkolazhizni.ru

?Р білім ж?не ?ылым вице-министрі Бибіг?л Асылова а?ылшын тілін ме?герген м??алімдерді? жала?ысын 200 пайыз?а ?сіру туралы м?селеге ?атысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова ағылшын тілін меңгерген мұғалімдердің жалақысын 200 пайызға өсіру туралы мәселеге қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Cәйкесінше белгілі бір ереже бар. Яғни, мұғалім дайындықтан өтіп, ағылшын тілінің белгілі бір деңгейін меңгеріп мектептерде жоғары сынып оқушыларына сабақ береді: химия,физика, биология пәндерінен (ағылшын тілінде - автор.). Бұл дегеніміз мұғалім біліктілігін арттырып, ағылшын тілінің белгілі бір деңгейін жетік меңгеріп, ағылшын тілінде ғана сабақ береді деген сөз. Сәйкесінше оның жалақысы да өседі", - деп түсіндірді Бибігүл Асылова.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда үш тілді білім беру жүйесін кезең-кезеңмен енгізу процесі жүріп жатыр. Осыған дейін мектептер мен лицейлерде ағылшын тілінен сабақ беріп жүрген мұғалімдердің жалақысы да көтеріледі.

Реклама
Реклама

"Бұл 200 пайыз лауазымдық қызметақыдан есептелінеді. Яғни, жалақының үстінен шамамен тағы 35 мың теңге қосылады", - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі.

Бүгінде ҚР БҒМ ағылшын тілінде сабақ беруге дайын мұғалімдердің санына қатысты мәліметтерді жинастырып жатыр.

"Қыркүйек те келіп қалды, тізім дайындалып жатыр. Кейінірек ағылшын тілін білетін нақты қанша мұғалім бар екенін айтамыз. Қаражат жағын былтыр қарастырып қойғанбыз. Биыл енді нормативті-құқықтық базаны дайындадық. Барлығы нақты болуы керек", - деді білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама