Министрлік Қайрат Жамалиев VIP-камерада жатыр деген қауесетті тексерді

Алматы облысыны? прокурорлары ?айрат Жамалиев жазасын ?теп жат?ан колония?а ая? асты тексеріс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының прокурорлары Қайрат Жамалиев жазасын өтеп жатқан колонияға аяқ асты тексеріс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы облысының прокуратурасы "Время" газетінде жазылған ақпараттың растығын тексеру мақсатында 31 тамызда сағат 00:35-те мекемеге толық тексеріс жасады. Тексеріс қорытындысы газетте айтылған VIP-камералар туралы ақпарат расталмады", - дейді ҚР ІІМ-нің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев. 

Оның айтуынша, ары қарай Қайрат Жамалиевтің жататын орны тексерілген.

Реклама
Реклама

"Н.М. Алтынхановтың өтініші бойынша ІІМ-нің Өзікндік қауіпсіздік департаменті Алматы облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары Б.Т Жүнісов пен ЛА-155/14 Б. мекмесінің басшысы Э. Шәріпбековке қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті Сәдубаев. 

Оның айтуынша, қызметтік тұлғалар тарапынан жасалған ереже бұзу деректері тәртіптік комиссияда қаралады. Кінәлілерге қатысты қатаң жазалар қолданылады, тіпті жұмыстан шығарылады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама