Министрлік Ресейде болған жол апатынан аман қалған автобус жүргізушісінің қашан елге оралатынын айтты

Ресейде бол?ан жол апатынан аман ?ал?ан автобус ж?ргізушісі жа?ын арада ?йіне оралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р СІМ баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Ресейде болған жол апатынан аман қалған автобус жүргізушісі жақын арада үйіне оралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, қазақстандық жүргізуші таяуда үйіне оралады.

"Тергеу жүріп жатыр. Жол апатынан аман қалған қазақстандық жүргізуші куәгер ретінде жауап беріп жатыр, тағы бірнеше күн Ресейде бола тұрады. Ол ауыр жарақат алған жоқ", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, СІМ өкілдері қаза болған жүргізушінің денесі жақында Қазақстанға жеткізілетінін айтты.

"Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар қаза болған ер адамның туыстарымен байланыста. Денені елге жеткізу мәселесін қарастырып жатыр", - деді министрліктегілер.

Еске сала кетейік, Владимир облысында жұмаға қараған түні автобус пен пойыз соғысқан болатын. Соңғы мәліметтерге қарағанда, жол апатынан 17 адам қаза болды. Өзбекстанның 55 азаматын қазақстандық екі жүргізуші тасымалдаған. Жол апатынан қазақстандық жүргізушіні қосқанда 15 адам қаза болған, тағы бес адам ауыр жағдайда жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама