Министрлік "Уроды Алматы" паблигін тексеріп жатыр

Министрлік "Уроды Алматы" паблигін тексеріп жатыр

?аза?станны? А?парат ж?не коммуникациялар министрлігі "ВКонтакте" желісіндегі "Уроды Алматы" тобын за?наманы б?з?ан-б?зба?анын аны?тап жатыр. Б?л туралы ведомствода?ылар Tengrinews.kz тілшісіне хабарлады. 

Қазақстанның Ақпарат және коммуникациялар министрлігі "ВКонтакте" желісіндегі "Уроды Алматы" тобын заңнаманы бұзған-бұзбағанын анықтап жатыр. Бұл туралы ведомстводағылар Tengrinews.kz тілшісіне хабарлады. 

Пабликте балалардың суреті жарияланып, қолданушылар түрлі жағымсыз пікірлер қалдырады. 

Жарнама
Жарнама

Министрлік өкілдері сараптама жүргізіліп жатқанын хабарлап отыр.

"Бұл контент сараптамада, алдағы уақытта заң бойынша шешім шығарылады", - делінген министрліктің Tengrinews.kz сауалхатына берген жауабында.

Ведомство өкілдері ақпарат кеңістігінде Қазақстан заңнамасын бұзатын контентке тәулік бойында бақылау жүргізілетінін қоса айтты. 

"Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын материал табылған жағдайда интернет-ресурс немесе әлеуметтік желі иесіне, осы жағдайдағыдай, контентті жою туралы ескерту жолданады. Интернет-ресурс иесі жоймаса министрлік байланыс операторларына Қазақстан Республикасының "Байланыс туралы" заңының 41-1-бабының тәртібінде қарастырылған шара қолдануға ұйғарым жіберіледі", - дейді ведомство өкілдері. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама