Министрлік "ВКонтакте" желісіндегі "Уроды Алматы" тобын бұғаттады

?аза?стан Республикасы А?парат ж?не коммуникациялар министрлігі, Байланыс, а?параттандыру ж?не б??аралы? а?парат ??ралдары саласында?ы мемлекеттік ба?ылау комитетіні? талаптарымен "ВКонтакте" желісіндегі "Уроды Алматы" тобы б??атталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің талаптарымен "ВКонтакте" желісіндегі "Уроды Алматы" тобы бұғатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "ВКонтакте" желісіндегі "Уроды Алматы" тобын заңнаманы бұзған-бұзбағанын анықтап жатқаны хабарланған болатын.

Пабликте балалардың суреті жарияланып, қолданушылар түрлі жағымсыз пікірлер қалдырған еді.

Реклама
Реклама

Министрлік өкілдері сараптама жүргізіліп жатқанын хабарлап отыр.

"Бұл контент сараптамада, алдағы уақытта заң бойынша шешім шығарылады", - делінген еді министрліктің Tengrinews.kz сауалхатына берген жауабында.

Ведомство өкілдері ақпарат кеңістігінде Қазақстан заңнамасын бұзатын контентке тәулік бойында бақылау жүргізілетінін қоса айтты. 

"Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын материал табылған жағдайда интернет-ресурс немесе әлеуметтік желі иесіне, осы жағдайдағыдай, контентті жою туралы ескерту жолданады. Интернет-ресурс иесі жоймаса министрлік байланыс операторларына Қазақстан Республикасының "Байланыс туралы" заңының 41-1-бабының тәртібінде қарастырылған шара қолдануға ұйғарым жіберіледі", - дейді ведомство өкілдері. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама