Министрлікте имамдар үстінен жасалған шағымдарға қатысты пікір айтылды

© Тұрар Қазанғапов

Дін істері ж?не азаматты? ?о?ам министрлігіні? Дін істері комитеті т?ра?асыны? орынбасары Ба?ытжан К?лекеев имамдар ?стінен айтылып жат?ан ша?ымдар туралы пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Күлекеев имамдар үстінен айтылып жатқан шағымдар туралы пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та имамдарымыздың кәсіби дайындығы қазіргі заманғы талаптарға сай келмейді деп бірнеше рет сынға ұшырағаны жасырын емес. Осыған байланысты Қазақстанның мұсылмандары діни басқармасы "500 мәртебелі имам" бағдарламасын жариялады. Бұл әрбір имамның теологиялық та, осы заманға сай зайырлы білімінің болуына бағытталған", - дейді Бақытжан Күлекеев.

Оның айтуынша, бұл имамдардың өздері үшін қажет, олардың қазіргі жағдайда адамдармен тіл табысып, дәстүрлі исламды дәріптей алуы үшін, сондай-ақ имамдар корпусы заманға сай дами алу үшін.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, ол қазіргі кезде имамдардың қазақша жүргізіп жатқан уағыздары орыс тілінде түсіндірілетінін айтты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама