ПОДЕЛИТЬСЯ
12 шілде 2020 | 17:05
Министрлік атыраулықтың ауа ластанғаны туралы шағымына жауап берді
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі атыраулықтардың ауа ластанғаны туралы шағымына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі атыраулықтардың ауа ластанғаны туралы шағымына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Атырау тұрғыны Тәуірбек Бозекенов Facebook желісіндегі парақшасында қалада ауаның ластанғаны соншалық - бас ауыратынын жазған болатын.
Министрлік өкілдері соңғы кездері Атырауда ауа ластанып жатқанын жоққа шығармады.
"Соңғы кездері Атырау қаласының атмосфералық бассейнінің ластануы жиі орын алып, аталған деректер қала аумағындағы ауа сапасын бақылау станцияларының мәліметтерімен расталуда.
Осы орайда ағымдағы жылдың 10 шілдесіндегі түнгі уақытта Атырау облысы бойынша экология департаменті Қазгидрометтің Атырау филиалымен және Атырау өңірінің эко-амбассадоры А. Хайруллинмен бірге Атырау қаласының атмосфералық ауасына мониторинг жүргізді. Мониторинг жүргізу барысында қаланың атмосфералық ауасындағы ластаушы заттардың концентрациялары рұқсат етілген шекті шоғырланудан асқан жоқ.
Сонымен қатар, Департаментпен қала аумағында орналасқан ауа сапасын бақылау станцияларының 2020 жылдың 12 шілдесіндегі мәліметтеріне талдау жүргізілді", - деді ведомство өкілдері.
Талдау нәтижелері бойынша, ауа құрамындағы күкірт сутегілерінің концентрациялары рұқсат етілген шекті шоғырланудан асуы анықталып, ауаны ластаушы көзі Атырау қаласының сол және оң жақ булану аландары екендігі белгілі болды.
"Сондай-ақ, Атырау қаласында ауа сапасының нашарлауына байланысты Департаментпен "Атырау мұнау өндеу зауыты" ЖШС-не жоспардан тыс тексеру тағайындалып, қазіргі уақытта құзырлы органға тіркеуге жолданған. Тексеру нәтижелері бойынша қосымша хабарлаймыз", - деді министрліктегілер.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также