26 тамыз 2021 | 17:03

Министрлік ауған студенттерінің Қазақстанға жеткізілуі туралы ақпаратқа жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Білім және ғылым министрлігі ауған студенттерінің Қазақстанға жеткізілуі туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Білім және ғылым министрлігі ауған студенттерінің Қазақстанға жеткізілуі туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында отанына оралған, бірақ Қазақстанда мемлекеттік бағдарлама бойынша оқитын ауған студенттерінің оқуына оралуы мүмкін екені туралы ақпарат пайда болды және оларды елге жеткізу нұсқалары дайындалып жатыр.

Министрлік баспасөз қызметі мәліметінше, Қазақстанның құзырлы органдары біздің елдегі оқу орындарында оқитын ауған студенттеріне қатысты жұмыс жүргізіп жатыр.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Ауғанстандағы жағдайға байланысты бұл мәселені ауған тарапымен талқылау әлі мүмкін емес. Министрлік студенттердің Қазақстанға келуіне қатысты мәселе әлі шешілмегенін және қосымша қарастырылатынын баса айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Білім және ғылым министрлігі ынтымақтастық туралы меморандум аясында елдің білім беру мекемелерінде 102 ауған студенті білім алып жатқанын хабарлаған болатын.

Сыртқы істер министрлігі студенттер елдегі жағдай тұрақталғаннан кейін оқуларына орала алатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, Қазақстанда тұратын ауған студенттері отандастарының оқуға оралуына көмектесу туралы өтінішпен Қазақстан үкіметіне жүгінген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная