16 тамыз 2021 | 14:18

Министрлік Ауғанстанның 70 мың азаматын қабылдау туралы қауесетке жауап берді

WhatsApp желісінде Қазақстанға 70 мың ауған азаматы келеді, алғашқы 500 адам қазір Шымкент әуежайына келді, шамамен 1500 адам жақын күндері келеді деген хабарлама тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

WhatsApp желісінде Қазақстанға 70 мың ауған азаматы келеді, алғашқы 500 адам қазір Шымкент әуежайына келді, шамамен 1500 адам жақын күндері келеді деген хабарлама тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауғанстаннан босқындар Шымкент пен Түркістан облысына келіп орналасады деген ақпаратты СІМ жоққа шығарды.

"Таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді СІМ баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін СІМ Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидің Қазақстанда емес екенін хабарлаған болатын. БАҚ отставкаға кеткен Ашраф Ғани әйелі Рула және екі кеңесшімен бірге Өзбекстанға ұшқанын жазды.

"Талибан" қозғалысының содырлары (Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын иеленді. Олар іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялап, елдегі билікті басып алды. Кейінірек "Талибан" өкілі елдегі соғыс аяқталғанын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная