10 қыркүйек 2020 12:29

Министрлік бірінші тоқсанда қашықтан оқи беруді жалғастыруды ұсынды

Денсаулық сақтау министрлігі бірінші тоқсанда қашықтан оқи беруді жалғастыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігі бірінші тоқсанда қашықтан оқи беруді жалғастыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, коронавирустың жаңа өршуінің алдын алу үшін мектептерде қашықтан білім беру форматын сақтау қажет.

Реклама
Реклама

"Мектептерде қашықтан оқытуды сақтау бұл - мәжбүрлі шара. Себебі онда вирус жұқтыру қаупі жоғары. Егер сыныпта коронавирус жұқтырған бір адам анықталса,онымен байланыста болғандар саны бірнеше есе артады - сыныптастар, мұғалімдер, туыстар, жақындары", - деді Алексей Цой ОКҚ баспасөз конференциясында.

"Біз үшін тұмау мен коронавирус инфекциясына жол бермеу өте маңызды, сондықтан бірінші тоқсанды осы форматта (қашықтан) сақтауды ұсынамыз", - деді Цой.

Министр Германиядағы, Англиядағы, АҚШ-тағы, Франциядағы кейбір мектеп ашылғаннан кейін оқу орындары коронавирус жағдайларына байланысты карантинге жабылғанын атап өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram