23 қазан 2020 | 15:30

Министрлік карантиннен қашып кеткен қызметкерге қатысты пікір білдірді

Фото:elements.envato.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегілер Нұр-Сұлтанға шетелден келген соң ПТР-тест тапсырудан қашқан қызметкерге қатысты ішкі тергеу басталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегілер Нұр-Сұлтанға шетелден келген соң ПТР-тест тапсырудан қашқан қызметкерге қатысты ішкі тергеу басталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір тергеу жүріп жатыр. Мамандарымыз оның кім екенін анықтап жатыр. Министрліктің қызметкері ме, жоқ па, соны нақтылау керек. Себебі ол адам кез келген ұйымды жұмыс істейтін орны ретінде айтуы мүмкін. Немесе біздің бұрынғы қызметкер болуы мүмкін", - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Мадияр Уақпаев.

Реклама
Реклама

Баспасөз хатшысының айтуынша, егер ПТР-тест тапсырудан қашқан адамның министрлік қызметкері екені расталса, онда оның әрекетіне әдеп жөніндегі уәкіл баға береді.

Еске салайық, бұған дейін Шарм-әл-Шейхтен оралған елордалықтар әуежайда арнайы автобусқа отырғызатын кезде ПТР-тест тапсырмай қашып кеткені хабарланған болатын.

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов Нұр-Сұлтандағы ПТР-тест тапсыру пунктінен қашқандардың бірі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметкері болып шыққанын айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная