Министрлік Қазақстанда қанша қазба байлық қалғанын айтты

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері Қазақстанда қанша қазба байлық қалғанын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері Қазақстанда қанша қазба байлық қалғанын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министр Санжар Жаркешовтің айтуынша, алдағы уақытта Қазақстанда бірнеше кен орнын ашу мүмкіндігі бар.

"2,3 мың тонна алтын, 35,6 миллион полиметалл, 500 мың тонна сирек кездесетін металдар: қалайы, вольфрам бар", - деді Санжар Жаркешов брифинг барысында.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, министрлік өкілі көміртектерге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде 76 миллиард тонна көмір бар.

Еске салайық, мұның алдында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев алтын өндіретін кен орындары қай жақта болуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама