06 маусым 2023 14:13

Министрлік қазақстандық оқушылардың Қырымға баруына қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©РИА Новости

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазақстандық мектеп оқушыларының Қырымға баруы туралы сұраққа жауап берді. Ресейлік БАҚ мәліметтері бойынша, онда өрт және жарылыс болып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазақстандық мектеп оқушыларының Қырымға баруы туралы сұраққа жауап берді. Ресейлік БАҚ мәліметтері бойынша, онда өрт және жарылыс болып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет кулуарында сауалдарға жауап берген басқарма басшысы балалар аман-есен оралғанын атап өтті. Ал алдағы уақытта Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығынсыз балалардың шетелге шығуына тыйым салу көзделіп отыр.

"Балалардың бәрі аман-есен оралды. Барлығы ата-анасына тапсырылды. Бұл жерде шара ата-аналардың келісімі бойынша өткізілгенін түсіну керек. Бұдан әрі келешекте мұндай жағдайға жол бермеу үшін Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығынсыз және Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің рұқсатынсыз балалардың шетелге шығуына тыйым салуды жоспарлап отырмыз.

Мұғалім тиісті жазасын алды", - деп түсіндірді Ғани Бейсембаев.

Реклама
Реклама

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымы Насымжан Оспанованың айтуынша, балалар "Россотрудничества" өкілдігі бағдарламасы бойынша өткен байқауда жеңімпаз атанған. Ата-аналар білім бөліміне хабарламай, балаларын шетелге шығарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram