10 қараша 2022 | 15:11

Министрлік "Қазақстанның Ресейге көмегі" туралы мәлімдемеге жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатыр деген ақпаратқа қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатыр деген ақпаратқа қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Украина барлау қызметінің өкілі Вадим Скибицкий La Repubblica басылымына берген сұхбатында Қазақстан Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатқанын айтты.

"Қазақстан мен Өзбекстан сияқты елдер Ресейге зымырандар жасауға қажетті америкалық және жапониялық азаматтық компоненттерді сату арқылы санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатыр", - деп келтірді Скибицкийдің сөзін БАҚ.

Реклама
Реклама

Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Tengrinews.kz тілшісі сауалына жауап беріп, бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Ресейге зымыран жасау үшін қажетті америкалық және жапониялық компоненттерді сату туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Бұл ретте, Қазақстан үкіметі 2023 жылдың 23 тамызына дейін әскери/қос мақсаттағы өнімдер экспорты/реэкспортына тыйым салу туралы шешім қабылдағанын айта кету керек", - деді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная